Әуе апатынан зардап шеккен жақындарына дереу бармақ болғандарға ұшақтағы өз орындарын беріп жатқан азаматтар да бар. Бұл туралы «Air Astana» әуекомпаниясының өкілдері айтты. Олардың сөзінше, мұндай жағдай Нұр-Сұлтан әуежайында болған. Соның арқасында Алматыға шұғыл жетуге тырысқан 6 адамға орын табылған. Ал, жалпы бір тәуліктің ішінде зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақын туысы болып келетін 33 азамат Нұр-Сұлтаннан Алматыға жеткізілген. Олардың көбі ұшақтағы бос орындарға және қосымша ашылған рейстерге мінгізілген.
Аманкелді СЕЙІТХАН