Елбасы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

02.01.2017
Елбасы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде адам өліміне әкеп соқтырған хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ, уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу