Оңтүстік Корея жағалауларында жолаушылар кемесі китпен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея жағалауларында жолаушылар кемесі китпен соқтығысты

08.01.2016
Оңтүстік Корея жағалауларында жолаушылар кемесі китпен соқтығысты

Оңтүстік Корея жағалауларында жүзіп бара жатқан жапониялық жолаушылар кемесінің суасты құрылғылары теңіз жануарына соғысқан. Әзірге бұл кит болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр, деп жазады жапониялық және Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары.     

Оңтүстік Кореяның Пусан айлағынан Фукуоку аймағына бара жатқан жедел жүзгіш  Beetle кемесі 55 километр жылдамдықпен кетіп бара жатып, осы аймақты жүзіп жүрген китпен соқтығысты.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, кемеде 180 жолаушы болған. Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігінің мәліметтерінше, 4 адам  зардап шеккен. Ал, кеменің өзіне қандай да бір зақым келмеген және ол Пусан айлағына аман жетті. Зардап шеккен азаматтар госпитальға жеткізілді.   

Хабарламаларға жазылу