Өткен жеті күн ішінде жол апатынан 34 адам қаза тапқан. Апаттың күрт көбейіп кетуіне еліміздің басым бөлігінде күн райының қолайсыздығы себеп. Бұл орайда, ішкі істер министрлігі жүргізушілерге аса сақ болуды ескертті. Әрі, қыс мезгілінде жылдамдықты шектен асырмау өте маңызды. Өткен аптада ел көлемінде 166 жол апаты тіркелген. Ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарына қарасты жолдарда көлік қатынасының барлық түріне шектеу қойылды. Мамандар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келген шаралардың бәрін қолдануда.
Ғабит БӨКЕНБАЙ