АҚШ-та аяз күшейіп, 34 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та аяз күшейіп, 34 адам қаза тапты

26.12.2022

Америка Құрама Штаттарында қыс қаһарына мінді. Қатты боран соғып, аяз күшейген. Бұрын-соңды болмаған қалың қар жауды. Желдің екпіні де қатты. Қолайсыз ауа райының салдарынан 34 адам қаза тапқан.

Мұндай табиғи құбылыс елдің 250 миллиондай адам тұратын аумағын қамтып отыр. Боранның кесірінен 1 жарым миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалған.

Өткен аптада бірнеше штатта жүздеген ұшақ рейсі кейінгі шегерілді. Іргелес жатқан Канада тұрғындарын да дәл осындай ауа-райы әбігерге салды. Қатты аяздан электр желілері қатып, жүздеген мың адам жарықсыз қалған.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу