Қытайда су тасқыны 6 адамның өмірін қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда су тасқыны 6 адамның өмірін қиды

05.06.2014
Қытайда су тасқыны 6 адамның өмірін қиды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында жауған нөсер су тасқынына ұласып, халық әбден әбігерге түсті.
 
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан бұл өңірде 6 адам қаза тапқан. Тасқынның кесірінен жүрген лай көшкіні үйлерді бұзып, ағаштарды сындырған. Ал экономикалық шығынның мөлшері миллиoндаған долларға жетеді.
 
Ауа райының қолайсыздығынан бұл ауданда 173 мың тұрғын жапа шегіп отыр. Полицейлер мен өрт сөндірушілер 43 мың адамды қауіпсіз жерге көшірген.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу