Ұлыбританияда 7 мыңға жуық үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда 7 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

02.11.2023

Ұлыбританияға «Кьяран» дауылы соққы берді. Англияның оңтүстігінде нөсер жауын жауып тұр. Бұған қоса, желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жеткен. 7 мыңдай үй электр жарығынсыз қалды. Жүздеген мектеп жабылды. Кей бағыттарға пойыз қатынасы да тоқтаған. Ауа райының қолайсыздығынан кейбір тұрғындар жұмысқа шықпай, қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Билік су тасқыны жүруі мүмкін ескертіп, аса қажет болмаса, алыс сапарға шықпау туралы кеңес берді. Дүлей дауылдан Францияда бір адам қаза тапқан. Әуежайлар жабылып, теміржол және ұшақ қатынасы да шектелді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу