Мәскеудің
қақ ортасындағы Федералды Қауіпсіздік
қызметінің ғимаратында атыс болды. Бір
қызметкер қаза тапты, 5 адам жарқат
алды, оның біреуі көшеде өтіп бара жатқан
тұрғын. Кешірек Лубянки аумағында
қылмыскерді арнайы жасақ атып өлтірді.
Ол 39 жастағы Мәскеу тұрғыны Евгений
Манюров. Манюров Ресей заң академиясында
білім алған. Сондай-ақ Жоғары экономика
мектебінің лекцияларына қатысқан.
Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
Индира БЕГАЙДАР