Қарағанды облысында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында атыс болды

01.04.2024

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде атыс болып, бір адам жараланды. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аяғынан жарақат алған ауыл тұрғыны жергілікті медициналық мекеме дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық күдікті ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД ресми өкілі:

31 наурыз күні Шет ауданы Ағадыр кентінің ауруханасына аяғында жарақаты бар жергілікті тұрғын жүгінген. Полиция қызметкерлерімен адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар жандардың барлығы анықталды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу