АҚШ-та қарулы шабуылдардан үш адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қарулы шабуылдардан үш адам мерт болды

04.02.2020
АҚШ-та қарулы шабуылдардан үш адам мерт болды

A&M Техас университетінің жатақханасында атыс болып, екі адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Атыс Pride Rock жатақханасында болды. Полиция шабуылдаушыны іздестіріп жатыр. Бұл туралы оқу орнының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Тағы бір атыс оқиғасы АҚШ-тың Калифорния штатында болды. Белгісіз біреу жолаушылар автобусына оқ жаудырған. Автобуста 43 жолаушы отырған. Қоғамдық көлік жүргізушісі бұзақыны көліктен шығарып жіберген сәтте полицейлер оны ұстап әкеткен. Шабуылдаушының 33 жастағы Мэриленд штатының тұрғыны Энтони Девонте Уильям екені анықталды. Оқиғадан 5 адам жарақат алып, бір әйел мерт болды. 

nbcnews.com

Хабарламаларға жазылу