Батыс Қазақстанда жаңа газ өңдеу кешені іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жаңа газ өңдеу кешені іске қосылды

12.12.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында Батыс Қазақстанда жаңа газ өңдеу кешені іске қосылды. Чинарев кен орнындағы жаңа қондырғының құрылысына үш жыл кетті. Жалпы «Жайықмұнай» кәсіпорнында жылына 2,5 млрд. текше метр газ өңделетін. Енді өндіріс қуаты 2 есеге дейін артып отыр. Жобаның жалпы құны – 600 млн доллар. Өндіріс орнында жаңадан 200 жұмыс орны ашылды. Барлық іс автоматтандырылған. Операторлар ұңғымадан қондырғыға бағытталған газ ағынын компьютерден бақылайды. Дайын өнімнің тең жартысы экспортталады. Қазір кен орнында 800-ге жуық адам қызмет етеді. Олардың 95 пайызы – қазақстандықтар. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу