Үкіметте жаңа газ өңдеу зауыттарын іске қосу мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте жаңа газ өңдеу зауыттарын іске қосу мәселелері талқыланды

27.02.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды. Нақтырақ, Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд метр куб болатын газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады. Бұдан бөлек, қуаты 4 млрд метр куб болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу