Елімізде ірі газ кен орны іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ірі газ кен орны іске қосылады

28.07.2023

Елімізде жыл соңына дейін газ өндіретін жаңа ірі кен орны іске қосылмақ. Ол Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы хабарлады. Рожков деп аталатын кен орнынан жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын алу көзделген. Кейін ол газ өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіліп, шығарылған тауарлық газ ішкі нарықты қамтуға бағытталады. Сарапшылардың айтуынша бұл тапшылықтың алдын алуға сеп болмақ. Өйткені бұған дейін Энергетка министрі алдағы жылдары көгілдір отын жетіспеушілігі болатыны айтып, тіпті өзімізді қамту үшін оны Ресейден импорттау көзделіп отырғанын мәлімдеген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу