Зеленский: Батыс артиллериясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский: Батыс артиллериясы іске қосылды

07.07.2022

Американың соғысты зерттеу институты Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты күнделікті сараптамалық есебін жариялады.

Құжатқа сай, «шілденің 6-сында Ресей армиясы оперативтік үзіліс алғанға ұқсайды, себебі олардың әрекеті ұсақ шабуылдармен шектелді» делінген.

Ал Украина армиясы Херсонды қайтаруға дайындалып жатыр. Президент Зеленский болса, «Батыс берген артиллерия мен зымырандық құрылғылар соғыс барысына әсер ете бастады» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, «ел әскері басқыншылардың логистикасы үшін маңызды қоймалар мен басқа да нысандарға дәлдеп соққы беріп жатыр». Сонымен бірге Зеленский Херсон мен Запорожье облыстары бағытында алға ілгерілеп жатқанын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу