Украинада мыңдаған адам наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада мыңдаған адам наразылық білдірді

09.12.2019

Киевтің орталығына мыңдаған адам жиналып, президенттің Донбасста бейбітшілік орнату жоспарына наразылық білдірді. Айта кетсек, бұл митинг осы мәселені талқылайтын кездесу қарсаңында өтіп отыр. Келіссөздер бүгін Парижде «норманд төрттігі форматында» басталады. Оған Украина, Ресей, Германия, Франция басшылары қатысады.

Бірақ, демонстранттардың сөзінше, Зеленскийдің жоспары елде Мәскеудің ықпалын күшейтіп, Украинаның еуропалық бағытына бөгет қоюы мүмкін. 

Президент болса, Ресеймен келісім жасап, Донбасста атысты тоқтатып, барлық тұтқындарды босатып, сепаратистер бақылауындағы аудандардан заңсыз қарулы топтарды түгел шығаруға үмітті. Сондай-ақ Зеленский Донбассқа арнайы мәртебе беріп, онда сайлау өткізуді жоспарлап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу