Басты Жаңалықтар «Republic Day» акциясы 27 қазанға дейін жалғасады

«Republic Day» акциясы 27 қазанға дейін жалғасады

Республика күніне орай ертеңнен бастап ел аумағында «Republic Day» акциясы басталады. Сұранысқа ие барлық тауарларға 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктер жарияланады. Акция 27 қазанға дейін жалғасады. Оған елдегі 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі сауда үйлері, супермаркеттер, дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер қатысады. Тиісті министрлік өкілдерінің айтуынша, шара ішкі нарықты қолдау және тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.


Бөлісу