Лондонда өткен форумда еліміздің инвестициялық әлеуеті таныстырылды
Лондонда өткен халықаралық форумда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Делегация өкілдері шетелдік бизнес қауымдастықты атом электр стнациясы және мұнай газ саласындағы ірі жобалар жайлы хабардар етті.
Панельдік сессияда Сыртқы істер және Энергетика министрліктерінің, Ұлттық геологиялық қызметтің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және басқа да ұйымдардың өкілдері Қазақстанның тұрақтылыққа, ашықтық пен өзара сенімге негізделген экономика құруға бағыт алғанын атап өтті.
Алибек Куантыров, ҚР СІМ министрінің орынбасары:
Сессияда біз Қазақстанда қандай инвестициялық мүмкіндіктер бар және қалай біз оларды пайдаланып жатырмыз сол туралы айтқанбыз. Сол себепті осы форум өте пайдалы болды деп есептеймін.
Жиында энергетика саласындағы жаһандық үрдістер де талқыланды. Соңғы уақытта Қазақстан дәстүрлі және «жасыл» энергия көздерін тиімді үйлестіре отырып, энергетикалық теңгерімді сақтай білген ел ретінде танылып келеді.
Санжар Жаркешов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Future resilience форумында біз өзіміздің үлгімізді айтып жатырмыз. Атом электр станциялары туралы сөз қозғалды және де көптеген мұнай-газ саласындағы мегажобалар туралы қозғалды.
Форум қатысушыларын энергетикадан бөлек маңызды металдарды өндіру және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы және денсаулық сақтау салаларына инвестиция құю мүмкіндіктері де қызықтырды.
Айо Отуяло, Prime Atlantic компаниясының басшысы (Нигерия):
Елдің бизнеске ашық екені айқын байқалады. Біз бірге жұмыс істегіміз келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
