Елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасады

05.12.2019

Елімізде кейінгі он жылда 1,5 миллионнан астам неке қиылған. Алайда әр үшінші отбасы түрлі себептермен ажырасқан. «Бақытты отбасы» жобасының жанынан құрылған Отбасын ресурстық қолдау орталығының мамандары осыны айтты. 

Білікті психологтар, заңгерлер, медиаторлар мен әлеуметтік қызметкерлер 8 аймақта отбасын құру, ажырасу мәселелеріне қатысты халыққа кеңес берген. 1 маусым мен 30 қараша аралығында мамандардың көмегіне 2566 адам жүгінген. Олардың 2423-і ажырасуға байланысты кеңес сұраған. 6 ай жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, 900-ге жуық отбасы ажырасудан бас тартқан. Дегенмен қазір отбасын сақтап қалғысы келмейтіндердің қатарында кәмелет жасқа толмаған 3-4 балалы ерлі-зайыптылар да бар. Сондықтан «Балаларға мектеп жасынан бастап отбасы құндылықтары жайында дәрістер өткізіп, некенің маңызды екендігін түсіндірген абзал», - деді психологтар.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу