Шведтер Қазақстанда теміржол салуы мүмкін

22.11.2019

Швейцария бизнесінің қатысуымен Қазақстанда 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың дені ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс, азық-түлік саласында табысты қызмет етеді. Түс ауа Қазақстан-Швейцария бизнес форумына қатысқан Швейцария Президенті Ули Маурер осылай деді. 

Кездесу барысында құрылысы аяқталуға шақ қалған Бурабайдағы «Ақ Бура» қонақүй кешені таныстырылды. Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Швейцариялық «Стадлер Рэйл» компаниясы Қазақстанда таулы аймақтарда жүруге қауқарлы теміржол салғысы келетінін айтты. Шара соңында түрлі меморандумдарға қол қойылды. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу