Ерлігі елге үлгі. Ақтөбеде «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Шара аясында сын сағатта ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Жиналғандар алдымен еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған 14 қызметкердің ерлігі баяндалған бейнероликті тамашалады. Ішкі істер министрлігінің өкілі мен облыс басшылығы бейбіт күннің батырларын Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Жақсыбек Кемал