Алматыда 1шілдеден бастап полицейлердің жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1шілдеден бастап полицейлердің жалақысы өседі

24.06.2022

Алматыда 1шілдеден бастап полицейлердің жалақысы өседі. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты. Алып шаһардың тыныштығын күзететін 700 қызметкердің шені өсті. Бүгінде қалалық полиция департаментінің құрамында 6 мыңнан астам маман бар. 2 мыңға жуық тәртіп сақшысы күн сайын мегаполистегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Шаарда мерекелік концерт ұйымдастырылып, полицейлерге құрмет көрсетілді.

Қанат Таймерденов, қалалық полиция департаментінің бастығы:

Шілде айынан бастап жергілікті бюджетке тұрған қызметкерлердің жалақылары 20 пайызға өседі. Қазан айынан бастап тергеу жедел уәкілдердікі 55 процентке жалақысы көбейеді. Бұл біздің қызметкерлерге жаңа импульс береді деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу