Ресейде колледж студенті курстастарына оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде колледж студенті курстастарына оқ атты

14.11.2019

Ресейдің Благовещенск қаласында колледж студенті курстастарына оқ атып, 1 адам қаза тапты. Тағы үшеуі жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі ауыр халде. Атыстан кейін күдікті өзіне қол жұмсап, мерт болды.

Куәгерлердің айтуынша, 19 жастағы жігіт дәріске кешігіп келгендіктен, оған кіруге рұқсат берілмеген. Бұған ашуланған ол біраздан соң 20 адам отырған аудиторияға аңшылық мылтықпен баса кіріп, оқ атқан. Полицияның болжамынша, оқиғаға студенттің құрдастарымен келіспеуі де себепші болуы мүмкін. 

Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу