Балқашта 14 жастағы қызды өлтірген студент екені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта 14 жастағы қызды өлтірген студент екені анықталды

11.11.2014
Балқашта 14 жастағы қызды өлтірген студент екені анықталды

Балқашта 14 жастағы оқушы қызды өлтіріп кетті. Бұл қылмысқа күдікті ретінде ұсталған 19 жастағы колледж студенті өз кінәсін толықтай мойындады.

Белгілі болғандай, ол мұндай іске кәмелет жасқа толмаған қыз өзімен жүрмегені үшін барған.

 Телефон арқылы хабарласып, қалалық саябақ аумағына шақырған. Кездескен сәтте Виктория Шевкуткинаны бірнеше жерден пышақтап өлтірген.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу