Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған автобуста шетел азаматы қайтыс болды
Ақтөбе облысы аумағында жолда қар құрсауында қалған тәжік азаматы көз жұмды. Ресейден Тәжікстанға бара жатқан автобуста барлығы 35 адам болған.
Кеше оларға азық үлестіріліп, көмек берілген. Марқұм жылыту бекетіне барудан бас тартып, автобуста қалған. Қасындағылардың айтуынша, бүгін таңертең ол намаз оқуға далаға шыққан кезде жүріп кеткен. Болжам бойынша, оның жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Дегенмен құқық қорғаушылар өлімнің нақты себебін тексеру жұмысынан соң айтамыз дейді.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы барлық бағыттағы жол қардан тазартылды. Құтқару жұмыстарына 100-ден астам адам, 40 арнайы техника жұмылдырылған. 6 жылыту пункті ашылып, 212 адам эвакуацияланды, оның 17-сі бала.
Әкімжан Өтемұратов, «ҚазАвтоЖол» ҰК облыстық филиалының бөлім басшысы:
Таңғы 6:40-та Қарабұтақ жолда құтқару бекетіне Тәжікстан азаматының мәйіті жеткізілді. Оның мәйіті автобустан түсірілген. Сол автобустан тағы екі азамат медициналық көмекке жүгінген болатын. Сол жерге медицина қызметкерлері барып, қызметін көрсетіп, дәрілерін беріп кеткен болатын.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
