Тағы біраз жолаушының денесін күйік шалып, жараланған.
Оқиға Карачи қаласынан Равалпиндиге бағыт алған теміржол көлігінде болды. Куәгерлердің айтуынша, вагондардың бірінде жолаушылар таңғы ас дайындау үшін қолданған газ баллоны атылған. Соның салдарынан, тамаққа пайдаланылған сұйық май лап етіп жанып, өрт лезде таралды. Әп-сәтте жанып кеткен үш вагонда шамамен 200-ге жуық адам болыпты. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көбі оттан қашып, жүріп бара жатқан пойыз терезесінен секірген.
Бұл – құрбандар саны бойынша 15 жылдан бері Пәкістан теміржолында болған ең ірі трагедия.
Жансая Қапасқызы