Президент Ұлттық кеңестің мүшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді. Белгілі заңгер, адвокат Айман Омаровамен кездесуде азаматтардың құқығын қорғау және осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Президент Айман Омарованың бастамасының маңызды екенін атап өтті. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен әңгімелесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жайындағы ұсыныстар қаралды. Ал қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді.
Саламат ОМАШ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29