Ұлттық ем туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ем туралы кітап жарық көрді

02.10.2019

«Қазақ медицинасының тарихы 4-5 ғасырмен өлшенбейді. Оның тамыры тым тереңде жатыр». Бүгін 3 бірдей кітабы жарық көрген академик Қайрат Айдарханұлы осылай дейді. 

Жалпы, медицина саласында дәрілердің 90% табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар организмінен дайындалады. Қазақстанда дәрлік шөптердің көп бөлігі, Алтайда өседі. Ал қалған бөлігі ыстық белдеулікте әсіресе оңтүстік жақтағы құмды аймақтарда басым. Автор Қытайдың Шынжаң аймағында туып, дәстүрлі медицина мен қоса, Тибет медицинасын қатар меңгерген. 2005 жылдан бері тарихи отанында өмір сүреді. Бүгін тұсауы кесілген 3 бірдей туынды қазақ руханиятына қосылған тың туынды боларына сенім білдірді. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу