Абай туралы жаңа кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай туралы жаңа кітап жарық көрді

28.08.2020

«Абайды тану - өзіңді тану». Осындай атаумен Ресейде ұлы ойшылға арналған кітап жарық көрді. Жинақта қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі ақын туралы белгілі тұлғалардың ой-пікірлері көрініс тапқан. Сонымен қатар осыған дейін еш жерде жарияланбаған Абай өмірінің кейбір эпизодтары бейнеленген. Әзірге кітаптың мың данасы басылып шықты. 

Георгий Пряхин, «Художественная литература» баспасының бас редакторы:

- Абайдың 175 жылдығына орай осы жинақты шығарамыз деп шештік. Алдағы уақытта жинақ Мәскеудегі кітап көрмесіне қойылмақ. Абайдай дара тұлға жоқ, сондықтан ақынға құрмет ерекше. Жинақты құрастыруға Ресейдегі белгілі филологтар,аудармашылар атсалысты. Тек Ресей емес, әлемнің жиырмадан астам еліне жинақты таратамыз.

Ақынның шығармашылық мұрасы талқыланған жиында «Художественная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхинге 2 дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді. Мәртебелі марапат Абай мұрасын насихаттаудағы үлесі үшін беріліп отыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу