Ресейдегі қазақтар туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақтар туралы кітап жарық көрді

08.01.2014
Ресейдегі қазақтар туралы кітап жарық көрді
Алматыдағы «Атажұрт» баспасынан белгілі жазушы-журналист, дипломат, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер академиясы «Алтын жұлдыз» дипломының иегері Серікқали Байменшенің «Дәнекер» деп аталатын эссе-әңгімелер жинағы жарық көрді.
 
Аты айтып тұрғандай, бұл кітап алыстағы ағайынды атажұртпен жалғайтын дәнекерлікті дәріптеуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, кітапта қазақ ұлтын ұлықтайтын атаулар мен белгілерге, арманда өткен арыстардың өмір-ғұмырына қатысты тың деректер баяндалады.

Қаламгер Серікқали Байменшенің есімі Ресей қазақтарына жақсы таныс. Ол - Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде еңбек еткен жылдары екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс­тарды нығайтуға Ресей жерінде тұрып жатқан отандастарының абзал істерін насихаттап, атамекенге жеткізуге көп үлес қосқан азамат.

Хабарламаларға жазылу