«Жасыл» экономика туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл» экономика туралы кітап жарық көрді

28.07.2017

«Лацио және жасыл экономика». Дәл осындай атаумен жаңа кітап жарық көрді.

Италиялық авторлар туындыда Лацио өңірімен қоса, Италия мен Қазақстан арасындағы байланыс, энергетика жетістіктері, «Экспо» көрмесінің халықаралық маңызы жөнінде мол мағлұматты қамтыған. Әлемге тылсым табиғатымен танымал Лацио аймағының «жасыл» экономикадағы жетістіктері жетерлік. Әсіресе, бұл өңірдегі археологиялық саябақтар, флора мен фауна, табиғи және мәдени мұралар туралы ақпарат алуға болады. Италия, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған туындының 2000-ға жуық данасы шықты.  

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу