Қазақстан халқы ассамблеясының кафедралары Президент жолдауында айтылған бес бағыттың өңірлерде жүзеге асуын қамтамасыз ету керек. Бұл туралы ассамблея кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында еліміздің әр аймағынан келген кафедра меңгерушілері мен жастар ұйымдарының өкілдері жолдауда айтылған бастамалар туралы өз ойларын ортаға салды. Қазіргі таңда экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды реттеу, заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің жұмысын байланыстыру- маңызды жұмыстардың бірі. Сондай-ақ, жолдаудағы өзекті мәселелердің бірі - адам құндылығы мен қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру дейді сарапшылар.
Асхат Есенәлиев, ОҚМУ ҚХА кафедра меңгерушісі:
Басты байлық - тіліміз. Осы тілді дамытудың уақыты келді. Сол жолдауда нақты көрсетілген. Одан кейін елдің арасындағы әлеуметтік жағдайдың дұрыс бағытта жылжуы. Бұл да өте маңызды шаруа.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ