Елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өтіп жатыр. Жиынға ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.
Кеңес барысында сөз алған Елбасы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап, Қазақстан депутаттары Еуразиядағы ынтымақтастық аясын одан ары кеңейтетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, жиынға Еуропа мен Азияның 65 елінің парламент делегациялары, 14 халықаралық парламенттік ұйым өкілдері қатысып жатыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Парламентаралық одақ, Азия парламенттік ассамблеясы, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ сынды ұйымдар бар.