Ақтөбе облысында 38 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 38 отбасы баспаналы болды

17.09.2019

Ақтөбе облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 382 адамның өтініші мақұлданды. Бұған дейін аталған бағдарлама бойынша 5 отбасы ғана баспана алған болатын. Бір уақытта 38 отбасыға пәтер кілттері қала әкімдігінде табысталды. 

Олар баспананы жеңілдетілген шартпен алып отыр. «Бақытты отбасы» баспананы жаңа құрылыстан немесе ескі үйлерден де алуға мүмкіндік береді. Бастысы, бағасы 10 миллион теңгеден аспауы қажет. Биыл өтініш беріп үлгермеген отбасылар келесі жылы бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады. Қазір Ақтөбе қаласы бойынша 3,5 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр. 

Мақсат Заитов, банк өкілі:

Бастапқы жарнаның 50 пайызын клиет өзі салатын болса, екінші жартысын әкімшілік тарапынан көмек болады. Яғни, бұл тұрғын үй сертификаттары деп аталады. Жалпы оны кім ала алады? Ақтөбе облысында төрт сала қызметкерлері бар. Бұл – білім саласындағы қызметкерлер, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер бар, әлеуметтік және спорт сласында жұмыс істейтін салымшылар, қызметкерлер қатыса алады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу