Шамалғандағы автобус пен пойыз апатына қатысты сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
«Шамалғандағы апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бір әйел мен оның балалары ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр болғанымен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір 5-6 сараптама жасалуда», - деді министр.
inform.kz