Евгений Пригожиннің қаза тапқаны ресми түрде расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Евгений Пригожиннің қаза тапқаны ресми түрде расталды

28.08.2023

«Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожиннің қаза тапқаны ресми түрде расталды. Мұны Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді. Бұл ұшақ апатынан кейін жүргізілген молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижесінде белгілі болған. Құлаған ұшақтағы барлық 10 адамның жеке басы анықталды. Еске салайық, Мәскеуден Петербургке ұшқан бизнес-джет өткен сәрсенбіде Тверь облысында апатқа ұшыраған еді. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу