Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«... белгілі ғалым-нейрохирург С.Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған «Гамма-пышақ» атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті»,- деп жазды.
Біз белгілі нейрохирург Ақшолақовтың өзінен комментарий алдық. «Гамма-найф-пышақ» қашан қолданыла бастайды және ол не береді?
Қазір арнайы орталық салынып жатыр. Бірегей құрылғы әзірше ТМД елдерінің арасында тек Ресейде бар екен. Оның ерекшелігі—нейрохирургиялық науқастарды радиохирургиялық тәсілмен яғни гамма сәулесімен емдейді. «Гамма найфпен» ота жасалуы тиіс азаматтарымыздың көбі қазір шетелге баруға мәжбүр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде де Қазақстанда да қатерлі ісікке шалдыққандар саны өсіп келеді. Жыл басындағы есепке сай, елімізде 181 мың адам қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауға алынған. Былтыр осы дертке шалдыққан 35 мың 800 дей пациент алғаш рет есепке тұрған. Оның 15 мыңға жуығы көз жұмған. Көбіне 50-70 жас аралығындағы адамдар. Өкінішке қарай, онкологиялық дертпен күресте жетекші мекемелердің біріне айналуы тиіс Семейдегі ядролық медицина орталығы 6 жыл болды, әлі ашылмады. Ал оған 6 млрд тан астам теңге бөлінген болатын.
Емханаға ауруды асқындарған соң келетін әдет те сорымыз болып тұр. Бір ғана мысал, Нұр-Сұлтан қаласында былтыр 62,8% пациентке бірінші, екінші сатысында диагноз қойлған. Ал қалған адамдар яғни 37,2 проценті кешігіп яғни соңғы сатысында келген. Мамандар, «уақытын өткізіп алған пациенттерді емдеудің нәтижесі бола бермейді»,-дейді. Сондықтан дәрігерлер жылына кем дегенде бір рет скринингтен өтуге кеңес береді.
Ал жалпы, онкологиялық ауруларды емдеуде, дәрімен қамтамасыз етуде де проблемалар бар екені мәлім. Мәселен, ісікке қарсы қолданатын мабтера дәрісі аймақтарға уақытында жетпей жатады. Мұны мен анық білемін...
Түптеп келгенде әңгіме біреу - скрининг, скрининг және скрининг. Тексеріліп тұру мәдениетін қалыптастырмасақ болмайды. «Уақыты өтіп кеткен» дегенді естуден сақтасын.