Мектептердегі әлімжеттік азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептердегі әлімжеттік азаймай тұр

13.09.2019

Нұр-Сұлтанда оқу орындарының психологтары осы мәселені талқылады. Статистика бойынша Қазақстандағы әрбір екінші оқушы үйде немесе мектепте қысым көреді екен. Мамандар оның бірнеше себебін айтып, көресу жолдарын талқылады. Алғашқысы жасөспірімдердің бос болуы. Сабақтан тыс айналысатын шаруасы болмаған соң түрлі қылықтарға барады. Яғни, қосымша білім беру үйірмелерінің санын көбейту керек екендігі айтылды. Үйдегі тәрбиеге де көп нәрсе байланысты екендігін айтып отыр мамандар. 

Марианна Гурина, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті:

Сенің қолыңнан келмейді деген нәрсені ата аналар өз балаларына жиі айтады. Ата анасының осындай агрессиясы балаға өтеді. Сосын бала әлсіздерге өзінің мықтырақ екенін көрсеткісі келеді. Себебі оның психологиясы солай қалыптасып қалған. Бұл да үлкен проблема.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу