Қазақстан халқының саяси науқанға қатысу белсенділігі жыл санап артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының саяси науқанға қатысу белсенділігі жыл санап артып келеді

31.01.2016
Қазақстан халқының саяси науқанға қатысу белсенділігі жыл санап артып келеді
Мәселен, Парламенттік сайлауға қатысатын электорат көрсеткіші Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде 19 пайызға өскен.

Өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіткені белгілі.

Соған сәйкес сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы мәлімет ақпарат құралдарында сайлау тағайындалғаннан кейін жеті тәулікте жариялануы керек.

Аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау белгіленгеннен соң 10 күнде, яғни, 30 қаңтардан кешікпей хабарлануы тиіс. Ал, партиялық тізімдерді тіркеу 19-қаңтарда басталып, 20 ақпанда аяқталады.

Жалпы, Қазақстан халқының саяси науқанға қатысу белсенділігі жыл санап артып келеді. Мәселен, Парламенттік сайлауға қатысатын электорат көрсеткіші Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде 19 пайызға өскен.

2004 жылғы саяси додаға халықтың 56,4 пайызы қатысса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 75,4 пайызға жеткен. Сайлаушыларға келетін болсақ, олар негізінен зейнеткерлер мен 30 бен 45 жас аралығындағы азаматтардың белсенділігі жоғары. Қазір біздің елде дауыс беру құқығына ие 9 миллион 792 мың сайлаушы бар.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу