Сыр өңірінде 300 мың адам өз таңдауын жасап үлгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде 300 мың адам өз таңдауын жасап үлгерген

05.06.2022

Сыр өңірінде тұрғындардың референдумға қатысу белсенділігі өте жоғары. Қазір аймақта 300 мың адам өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл жалпы дауыс беру құқығына ие азаматтардың 65,3 пайызы.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Сырбойылықтар референдумға бей-жай қарамай, ел үшін маңызды сәтте өте жоғары белсенділік танытуда. Тіпті, облыстық референдум комиссиясының мәліметінше аймақтағы 28 учаскеде дауыс берушілер 100 пайыз келіп,олар өз жұмысын ерте аяқтаған. Мәселен, біз тұрған қаладағы №200-ші референдум учаскесінде азаматтардың белсенділігі әлі де бәсеңдей қойған жоқ.

Жалпы облыста 462 мыңнан астам азамат референдумға қатысу құқығына ие. Соның ішінде, ең қарт дауыс беруші ол Сырдария ауданының тұрғыны, 101 жастағы соғыс ардагері Яхия Тасыров. Міне, осындайда қызықты мәліметтер бар. Алдағы уақыттағы шығарылымда жан-жақты жеткізетін боламыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу