Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді

09.06.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы да дауыс берді. Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне келіп, Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасады.

Елбасы биылғы сайлаудың мәні бөлек екенін айтты. Өйткені бұл жолғы саяси аламанға Тұңғыш Президент қатыспайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан болашағының жарқын боларына үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:

- Бүгін Қазақстан халқы президент сайлауына қатысып жатыр. Әр уақытта әр елде мұндай сайлау тарихи шешім болып табылады, халық үшін, ел үшін. Учаскелерге келіп, Президентті сайламайды, өзінің тұрмысын, тағдырын, болашаққа деген үмітін көрсететін болады. Бүгінгі сайлау сәтті өтсін!

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу