Испанияда нөсер жауыннан Мадридті тасқын жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда нөсер жауыннан Мадридті тасқын жайлады

27.08.2019

Бұршақ аралас жаңбырдан қала көшелері өзенге айналған. Көлік қозғалысы бұзылып, ағын су машиналарды ағызып әкетуде. Метро және әуежай жұмысына да кедергі келді. Осыған байланысты, мемлекеттік метеорологиялық агенттік «сарғылт» түсті дабыл жариялап отыр.

Жергілікті тұрғындар бұрын-соңды мұндай жағдайды көрмегендерін айтуда. Апат салдарымен күреске барлық төтенше қызмет бөлімдері жұмылдырылған.

Су апатынан елдің тағы 14 өңірі зардап шегіп отыр. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, қолайсыз ауа райы қыркүйекке дейін сақталады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу