«Ұлы даланың алтыны» атты көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы даланың алтыны» атты көрме өтті

28.08.2019

«Ұлы даланың алтыны». Өскемен қаласында осындай атаумен тарихи көрме өтіп жатыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Шығыс өңірінен табылған археологиялық жәдігерлер қойылды. Берель, Шілікті, Елеке сазы қорымдарынан табылған бұйымдардың барлығы таза алтыннан жасалған. Олар әлемдік деңгейдегі археологиялық құндылық саналады. Көрменің негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстандағы көшпенділер өркениетін паш ету. Бірегей және эксклюзивті экспонаттардың басым бөлігі ерте заманда ерекше технологиямен жасалған. Алтын адамның қайтадан жаңартылған экспозициясы көрменің орталық элементіне айналды. Бұл шара Қазақстанда қалыптасқан  тарихы бай мәдени мұрамызды паш етеді. Көрмеге келген адам Шығыстағы сакралды орындардың көне ғасырлық тарихымен танысып, тылсым құпиясын сезіне алады.

Бақыт Сабырбаева, Облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкері:

Ерта сақ дәуіріне жататын жәдігерлер. Жалпы біздің мұражайда 160 мыңға жуық жәдігер бар. Соның 80 мыңы осы археология саласына жатады. Бұл көрме Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 2 ай бойы көрсетіліп тұрады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу