Алматыда «Ұлы дала өнері» атты көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлы дала өнері» атты көрме өтіп жатыр

23.01.2019

Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ұлы дала өнері» атты көрме ашылды.

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының төңірегінде өтіп жатқан көрмеге Кескіндеме және мүсін бөлімінің шеберханасында жасалған витраж, мозаика, сграффито, фреска және мүсіннен 50-ге жуық жұмыстар қойылды. Сондай-ақ, тәлімгерлер көрме барысында көрермендерге шеберлік сыныптарын көрсетті.

Болат Сырлашұлы, Кескіндеме және мүсін кафедрасының меңгерушісі:

- Жастар өз білімін шыңдауда еңбектеніп жатыр деп айтуға болады.

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу