Нұр-Сұлтанда Мырзабай Жүрсінбаевтың «Ұлы дала тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда Мырзабай Жүрсінбаевтың «Ұлы дала тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті

26.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Мырзабай Жүрсінбаевтың «Ұлы дала тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбекте Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларында көтерілген ең өзекті мәселелер негізге алынған. Автор төл тарихымызды таңбалар арқылы тарқатып, өткенімізді түгендеу жолында тың көзқарастарды топтастырады. Бұл туынды «Сан тағдырлы халқымыздың санасын оятуға мол септігін тигізетініне сенімдіміз»,- дейді кітап авторы.

Хабарламаларға жазылу