Күйші Жігер Бертісов: «Men qazaqpyn» мегажобасы – құптарлық бастама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйші Жігер Бертісов: «Men qazaqpyn» мегажобасы – құптарлық бастама

09.01.2019

Күйші Жігер Бертісов бастаған өнер иелері қазақ өнерінің дамуына өз үлестерін қосуда. Алдағы уақытта қазақтың күйшісі Әділбек Атаевтың еңбектерін қамтитын жинақты жарыққа шығармақ. «Tansholpan»-ның қонағы болғанк үйші осы және күй өнеріндегі өзге де жаңалықтармен бөлісті.

 

«Қазіргі уақытта күй өнеріне мамандар, зерттеушілер, аға буын, орта буын өкілдері өз үлестерін қосуда. Біз де аз да болса, атсалыссақ дейміз. Шығыс Қазақстан облысының тумасы, күйші, композитор Әділбек Атаев ақсақалдың шығармашылығын зерттеп, жинақтадық. Ол кісі қазір зейнетте. Құрманғазы атындағы академиялық оркестрде талай жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған. Ендігісі, ол жинақ баспаға кітап шығару үшін ұсынылды», дейді.

Сондай-ақ, студия қонағы «Men qazaqpyn» мегажобасы туралы пікірін білдірді.

«Ұлттық арнаның дәстүрлі ән, күй, жырымызды насихаттайтын «Men qazaqpyn» төлжобасы - керемет бастама. Мұндай жобаларды құптаймын. Қазір ата-аналардың да талпынысы. Ұл-қыздарын жастайынан өнерге беріп жатыр. Бұл істе осындай жобалардың ықпалы зор».

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу