Әке көрген оқ жонар. Баланы ұлша тәрбиелесең - ұл, құлша тәрбиелесең - құл болады. Темірдей тәртіп пен беріктік, намысшыл болу мен жауапкершілік, шаруаға ептілікті бала анадан емес әкеден үйренеді.
Ұл баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Жалғызбасты аналар әкенің бейнесін қалыптастыра ала ма?
«Shanyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – әке мен бала.
Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров бағдарлама қонағы болды.
«Ер азамат – қоғамның тірегі, елдің, әйелдің ертеңі. Еліміз мықты, текті болуы үшін ұрпағымызды тәрбиелеуіміз керек. Ер-азаматтың тәрбиесінің маңызы зор.
Әкем бала кезімізден бізге аулада спортпен шұғылдануды үйреткен. Ешқашан ұрлық жасама, алдама деп өсиет қалдырған. Қайда жүрсе де ақылын айтып отыратын. Арман қуып Алматыға келдік, студент болдық. Бірақ қандай жағдай болса да ұрлық жасамадық. Әкенің айтқан қағидаты жүрегімізге сіңді.
Рухани тәрбие беру, баласының жақсы жар таңдауы - әке міндеті. Ана тәрбиесі де маңызды. Әке түзде болған соң, бала анамен көп уақыт болады. Атақты хан, батырларымызды аналар өсірген.
Балаға мейірім керек. Бала оны сезеді. Біз бермесек, ол мейірімді даладан іздейді. Ал көшеде кімге ұрынатыны белгісіз. Сондықтан бала кезінен баланы қасыңа ертіп, ақылыңды айтып, қолдау керек. Тек ақыл айтып қана емес, өзіміз көрсетуіміз керек. Әке мен шеше алдымен өзін тәрбиелеу керек», - дейді спортшы.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.