Елімізде «Оскар» жүлдесіне ұсынатын фильм жоқ - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Оскар» жүлдесіне ұсынатын фильм жоқ - сарапшы

03.10.2023

Биыл «Оскар» киножүлдесінің «Ең үздік шетелдік фильм» санатына Қазақстан атынан ешқандай фильм ұсынылмайды. Қазақстан киногерлер Одағы бірауыздан осындай мәлімдеме жасады. Аталған фестивальге осы жылы 4 фильм ұсынылған. Дегенмен, 4-уі де «Оскар» жүлдесіне ұсынуға лайық емес дейді - сала сарапшылар.

Сәбит Құрманбек, режиссер, суретші:

«Оскар» фестивалі-әлемдік деңгейдегі үлкен фестиваль. Бұл мына өзінің құндылықтарға байланысты киноларды таңдайды. Драматургиясы мықты болуы керек, айтылған диалогтары мықты болуы керек, режиссер қойылымы мықты болу керек, актерлар ойындары. Бізде драматургиялық мектеп аз, жоқ. Шығарамыз, бірақ олардың деңгейі төмен. Бізде драматургияны білетін балаларды дайындап, шетелге жіберу керек. Соның барлығы Оскарлық комитетке келмейді. Өйткені Оскарлық комитеттің форматы үлкен деңгейлі формат. Сондықтан Оскарлық форматқа бару үшін үлкен дәрежедегі адамдарды жинауымыз керек.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу