Әкімдіктер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының талабына сай болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдіктер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының талабына сай болуы керек

31.10.2019

Әкімдіктер мен мекемелер Президент айтқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының талаптарына толықтай сай болуы керек. Елордада өткен семинар-кеңес барысында Мемлекет басшысының көмекшісі Аида Балаева жауапты басшыларға осыны ескертті. Өтініш берушілерге берілген сапасыз жауаптар немесе бір мекемеден екіншісіне тұрғындарды сабылтып қою билікке деген сенімді төмендетеді. Сол үшін де қазіргі таңда халықтан түсетін арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу ісі толықтай қайта қаралмақ. Олардың сапасын арттыру үшін Президент әкімшілігі өтініштердің 90 пайызын өз бақылауына алған. Сонымен қатар Бас прокуратурамен бірлесе жаңа нұсқаулық әзірленді. Құзырлы мекеменің мәліметінше, былтыр ел тұрғындары мемлекеттік мекемелерге бір миллион 700 мың арыз-шағым және өтініш жазған.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

Мемлекет нық болуы үшін, мемлекеттің фундаменті өте мықты болуы үшін халықтың мұң-мұқтажы, халықтың мүддесі әрқашан тыңдалып, шешім сол халықтың мүддесіне сәйкес болуы керек. Міне, екі ай болды мемлекеттік органдар осы концепциямен жұмыс істеп жатыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу