БҚО-да жастар белсенді дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жастар белсенді дауыс беріп жатыр

19.03.2023

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Қазір біз драма театр фойесінде тұрмыз. Мұнда №447 сайлау учаскесі орналасқан. Оралда сағат айырмашылығына орай дауыс берудің басталғанына екі сағат қана болды. Соған қарамастан, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Мерекелік көңіл-күй байқалады. Байқаушылар мен БАҚ өкілдері өз орнында. Сайлау комиссиясының мүшелері ережеге сай жұмыс істеп жатыр. Жалпы облыс бойынша 504 сайлау учаскесі құрылған. Барлығы 442 мың адам дауыс беруге құқылы. Қазір менің қасымда осы құқығын пайдаланып, дауыс беруге келген егіз қыздар тұр. Қыздар, қайда оқисыздар?

Ару Байдуллаева, студент:

Махамбет атындағы университеттің 4 курс студентіміз. Біз өз болашағымыз үшін, еліміздің дамуы үшін дауыс беруге келдік. Бүгін әр адам сайлауға келіп, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз. Осы сайлауда жеңіске жеткен адамдар жастар үшін, елдің дамуы үшін заңдарды қабылдайды. Сондықтан таңдауымыз дұрыс болуы керек деп ойлаймын.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу