Тұңғышбай Жаманқұлов мерейлі 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғышбай Жаманқұлов мерейлі 70 жаста

02.10.2018

Актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов Алматы студиясының қонағы болды.

«70 жас – жүріп өткен жол. Халықтың ықыласына бөлендік, өнер жолында танымал болдық. Осының барлығын ойлап, өзіңді мықты ұстау – еңбек.

Анам 87 жаста. Бауыр, қайын жұрт бүтін, аман-есен. Мен үшін осы сыйлық. Туған күнім кейінгі екі баламның туған күніммен бірге. Ендігісі, қазір менің емес, осы балалардың туған күнін тойлаймыз.

«Тамаша» театрынан кейін кинода актерлік өмірім басталды. Біраз киноға түстім. Өзім ерте есейген адаммын. Режиссерлер бойымдағы қасиеттеріме қарап рөл берген болар. Жан дүниемде ұлтжандыққа, шешендік өнерге, ән айтуға құмармын.

Осы жасқа келгенде біраз рөлдердің басын қайырдым. Жақында жеке театр ашуға ниет білдірдім. Алғаш болып драматург Қолқанат Мұраттың «Қуыршақтар» моно-пьесасын сахнаға шығардым. Қыркүйектің 20-21-і Таразда қойылымның тұсаукесері өтті. Енді осы және басқа шығарманы өзге өңірлерге апарып, халыққа таныстыруға ниеттімін.

Ағайын, тумам, халқым, көрермендерім менің қадірімді жерге түсірмей, еңбегімді бағалап жүргендері қанаттандырады, қуантады», - дейді актер.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу